Қазақстанның мемлекеттік қарызы 67 млрд доллардан асты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген жалпы қарызы 33,8 трлн теңгенің немесе 67,2 млрд доллары құрады. Бұл туралы Қаржы министрлігі жариялаған ресми есепте айтылған.

Үкімет мойнындағы ауыртпалық

Жалпы соманың негізгі бөлігі: 30,5 трлн теңге ($60,7 млрд) – Үкімет қарызы. Оның ішінде:

  • ₸22,5 трлн ($44,8 млрд) – ішкі нарықтан алынған қарыз,
  • ₸8 трлн ($15,9 млрд) – сыртқы қарыз.

Ішкі қарыздардың басым бөлігін ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер құрайды – ₸18,3 трлн ($36,4 млрд). Бұдан бөлек, үкімет орта және қысқа мерзімді облигациялар, TONIA мөлшерлемесіне байланысты қарыздар мен жинақ міндеттемелер арқылы ішкі нарықтан қарыз тартқан.

Ал сыртқы қарыздардың жартысына жуығы – еурооблигациялар (4,2 трлн теңге немесе $8,3 млрд). Сонымен қатар Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Азия даму банкіне, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне және Ресей нарығына шығарылған бағалы қағаздар бойынша қарыз болып отыр.

Жергілікті және кепілдік қарыздар

Жергілікті атқарушы органдардың қарызы 2,3 трлн теңге ($4,5 млрд) шамасында. Бұдан бөлек, мемлекет кепілдік берген қарыздардың жалпы сомасы 1,9 трлн теңге ($3,8 млрд). Оның ішінде 1,5 трлн теңгесі сыртқы қарыз болса, 371 млрд теңгені – ішкі қарыздар.

Мемлекет кепіл болған қосымша қарыз көлемі 20,6 млн теңгені құрайды.

Қарызды өтеуге кететін шығын өсіп келеді

2025 жылдың бірінші тоқсанында қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге арналған шығын ₸982 млрд теңгеже жетті. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш бюджеттің едәуір бөлігін жұтып отыр.

Ішкі қарыздардың едәуір бөлігі банктер мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (ЕНПФ) арқылы қаржыландырылады. Сондықтан пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал мемлекет үшін мұндай ақша арзан емес.

Кейінгі 15 жылда мемлекеттік қарыз екі есе өскен. Сарапшылар Қазақстан қарызты тым қымбатқа алады деп тұжырымдайды. Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, осылай кете берсе ел нетто-кредитор мәртебесін жоғалтуы ықтимал

Сондай-ақ оқыңыз