1 теңгеге сатып алынған Риддер жылу электр орталығына тағы 1,7 млрд теңге бөлінді

Риддер қаласындағы жылу электр орталығын (ЖЭО) жөндеуге Үкімет резервінен қосымша 1,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне мақсатты трансферт түрінде түседі. Қаражат жылу стансасының бұрын қамтылмаған тозығы жеткен қондырғыларын жаңартуға бағытталмақ.
Стансаға қанша қаржы кетті?
Кейінгі екі жылда Риддер ЖЭО-на жалпы сомасы 15,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражаттың есебінен қазандықтар мен турбиналар жөнделіп, жылу желілерінің 21,3 шақырымы жаңартылған. Нәтижесінде станса жабдықтарының тозу деңгейі 75%-дан 46%-ға, ал жылу желілерінің тозуы 82%-дан 67%-ға дейін төмендеген.
Әлі қандай жұмыс атқарылмаған
Бұған дейінгі жөндеу науқанына енбеген бірқатар маңызды тораптар – қазандық агрегаттары, турбоагрегаттар және электрмен тұрақты жабдықтауға жауапты тарату құрылғылары – әлі күнге дейін толық жөндеуден өтпеген. Жаңа бөлінген 1,7 млрд теңге осы қажетті жұмыстарға жұмсалады.
2023 жылы Риддер жылу электр орталығы үкімет бұрынғы иелерінен 1 теңгеге сатып алған болатын. Бұрынғы иесі жылы орталығының 5,5 млрд теңге қарызын төледі. Сол кезде Үкімет резервінен қаражат бөлу тетігін пысықталып, 8.3 млрд теңге бөлінді және оны жөндеу үшін 8 мердігер ұйым тартылды.
Одан кейін коммуналдық меншікке берілген.