Америкаға виза ұтып алу мүмкіндігі: Грин-карта нәтижелері жарияланды

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті 2026 жылғы Diversity Immigrant Visa Program (DV-2026) немесе грин-карта лотереясының қорытындыларын жариялады. Енді қатысушылар ресми сайт арқылы өз нәтижелерін тексере алады.
Нәтижелерді қалай тексеруге болады?
DV-2026 бағдарламасына өтінім беру 2024 жылдың 2 қазанында басталып, 7 қарашада аяқталған еді. Нәтижелерді тексеру үшін қатысушылар Мемлекеттік департаментінің ресми сайтына кіріп, тіркеу кезінде берілген Confirmation Number-ді (кодты) енгізуі керек. Бұл қызмет 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қолжетімді болады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті ескертеді: тек ресми сайт қана шынайы ақпарат ұсынады. Үшінші тарап сайттарынан немесе жеке тұлғалардан келетін ұсыныстар – алаяқтық. Персоналдық деректерді бейтаныс адамдарға бермеңіз.
Грин-карт дегеніміз не?
Америкаға виза алудың ең танымал жолдарының бірі — грин-карта лотереясы.
DV бағдарламасы аясында жыл сайын 50 мыңға жуық иммиграциялық виза ойнатылады. Бұл визалар Америкаға көшуге мүмкіндігі аз елдердің азаматтарына арналған. Жеңімпаздар АҚШ-та тұрақты тұру және жұмыс істеу құқығына ие болады.
Көптеген қатысушылар өз елінде тұрып, лотереяға қатысады. Бірақ заңды негізде АҚШ-та турист, студент немесе бизнесмен ретінде жүрген азаматтар да жеңімпаз атана алады.