
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров платформада жаңа мүмкіндік пайда болғанын хабарлады. Енді топтық қоңырауларға жүздеген адамды қосуға болады.
Бұл туралы Дуров өз Telegram арнасында хабарлады:
«Енді Telegram-дағы кез келген қоңырауға (соның ішінде жеке сөйлесулерге де) сілтеме, QR-код немесе тікелей шақыру арқылы 200 адамға дейін қосуға болады. Ал егер бұл жеткіліксіз болса, Telegram топтарындағы дауыс және бейнеқоңыраулар ондаған мың қатысушыны қолдайды», — деді Дуров.
Дуровтың айтуынша, Telegram арқылы жүргізілетін барлық қоңыраулар сквозной шифрлау (end-to-end encryption) және блокчейнге ұқсас технология арқылы қорғалған. Бұл – қоңырауға үшінші бір тұлғаның жасырын қосылуына жол бермейтін сенімді қорғаныс жүйесі.
Telegram мессенджері қазіргі таңда әлемдегі ең қауіпсіз және функционалды байланыс платформаларының бірі ретінде танылып отыр. Сондай-ақ, Телеграм әлемдегі ең танымал мессенджерлер арасында екінші орынды алып отыр.