
Әлем жаппай электрокарларға ауысып жатыр. Бұл үрдіс Қазақстан мұнайына деген сұранысты төмендете ме? Бұл сұараққа үкімет сағатына кейін өткен брифингте ҚМГ төрағасының орынбасары Әсет Мағауов жауап берді.
«Мұнайға сұарынс әлі де өсуде. ОПЕК елдері де соны байқап, квотаны өсіріп жатыр. Иә, көп компаниялар электрокарларға ауысып жатыр. Бірақ кей компаниялар өз стратегиясын өзгертіп, бензин және дизельмен жүретін көліктерге қайта көңіл бөле бастады. Қазір біз мұнайға қатысты ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпыз. Көптеген стратегиялық агенттіктердің болжамы бойынша мұнайға әлі де сұраныс жоғары болады», – деді ҚМГ өкілі.