7 мамырға ер азаматтарға не сыйлауға болады

Отан қорғаушы күні қарсаңында қыз-келіншектер қауымы ер-азаматтарға сыйлық іздей бастайды. Көңілден шығатын әрі пайдалы сыйлық табу әрдайым оңай емес. Егер әлі де сыйлық таңдап үлгермесеңіз, төмендегі идеяларға көз қиығын сала отыруға шақырамыз.
Жеке кездесу
Қойылым немесе кино. Күйбең тіршілік деп жүріп ерлі-зайыптылар бір-біріне уақыт таба алмай жатады. 7 мамыр театрға, фильм көруге барып, тынығып қайтуға жақсы себеп.
Мейрамханаға кешкі асқа шақыру. Кейде жақыныңмен уақыт өткізудің өзі үлкен сыйлық болуы мүмкін. Жақсы мейрамхана мұндайда тамаша шешім бола алады.
Квест сертификаты. Бұл – ерекше әрі есте қаларлық сыйлық. Бірге барып, уақытты танымды, қызықты өткізуге болады.
Күтім және демалыс
Сақалға күтім жиынтығы. Егер жігітіңіз сақал өсірсе, бұл сыйлық оған міндетті түрде ұнайды. Қырыну заттары мен күтім құралдары сыйлықты пайдалы әрі құнды етеді.
Иіссу. Егер дұрыс иісті таңдасаңыз, ер адамыңыз қуанып қалады. Бұл тұста қандай аромат ұнататынын біліп алу маңызды..
Автоға күтім жиынтығы. Жігітіңіз я жарыңыз көлігін жанындай жақсы көрсе, күтіп-баптауға арналған тазартқыш, жылтыратқыш, хош иістендіргіш заттар оның көңілінен шығары анық.
Моншаға арналған жиынтық. Монша ағзадан токсиндерді шығарып, ауыр күннен кейін жақсы демалуға мүмкіндік береді. Егер ер адам моншаға баруды ұнатса, мұндай жиынтық ол үшін есте қаларлық сыйлық болары сөзсіз.
Балық аулауға арналған жиынтық. Нағыз балықшы үшін түрлі құрал-жабдықтары бар жақсы жинақтан асқан сыйлық жоқ. Мұндай сыйлық жылы естелік қалдырып, оны үнемі қолданатын болады.
Стриминг сервисіне жылдық жазылым. Егер ер азаматыңыз музыка тыңдауды, не фильм көруді ұнатса, стриминг сервиске жылдық жазылым – әдемі тарту.
Сүйікті бейнеойын. Компьютерлік немесе консоль ойындарын ұнататындар мұндай сыйлықтың бағасын біледі. Бірақ ол адамға нақты не ұнайтынын алдын ала анықтап алған жөн.
Белсенді өмір-салтын ұстанатындар үшін
Залға абонемент. Жігітіңіз я жарыңыз көптен залға жазылуды ойлап, соның қиюын келтіре алмай жүрсе, оны жүзеге асырудың сәті келіп тұр.
Дельтапланмен ұшу. Бұл экстримге жаны құмар адамдар үшін тамаша сыйлық.
Құрал-саймандар жиынтығы. Егер ол үй шаруашылығымен айналысып, көлік жөндеуді ұнатса, сапалы құралдар жиынтығы мұндай жанды қуантпай қоймайды.
Мультитул көп функциялы құралы тау мен тас кезіп, жорықты ұнататын жандарға міндетті түрде ұнайды.
Үйде жаттығуға арналған гантельдер жиынтығы. Денсаулығына мән беретін ерлер үшін қолайлы. Салмағы реттелетін түрін таңдаған жөн.
Білекті жаттықтыруға арналған эспандер. Бұл сыйлық кеңседе жұмыс істейтін және ұзақ уақыт компьютер алдында отыратын адамдарға жарайды.
Өзге де сыйлықтар
Кітап. Кейбір ер адамдар үшін қызықты кітаптан артық ештеңе жоқ, ол сүйікті серияның немесе сұйікті автордың туындысы болса, тіпті жақсы. Көпшілік электронды нұсқаға өтіп кеткен қазіргідей жағдайда сүйікті қағаз кітап ерекше сезім сыйлайды.
Ланч-бокс. Жұмысқа түскі асты үйден әкелетіндерге тамаша сыйлық. Мұндай контейнермен тамақ алып жүру ыңғайлы. Оны кеңседе де, серуенде де қолдануға болады.
Пауэрбанк. Мұндай сыйлық адам жолда немесе іссапарда болса да, үнемі байланыста болуға көмектеседі. Егер сапалы пауэрбанк таңдасаңыз, ол міндетті түрде ұзақ уақыт қызмет етеді.
Кілт іздеуге арналған салпыншақ. Жоғалған кілттерді табуға көмектесетін пайдалы аксессуар кілтке ілініп, смартфондағы қосымша арқылы басқарылады. Қосымшадағы батырманы бассаңыз, салбыншақ дыбыс шығарып, кілтті табуға мүмкіндік береді.