
Қазақстандықтар eGov мобильді қосымшасындағы Nomad Guard мобильді сервисі арқылы деректерінің қауіпсіздігін тексере алады.
Nomad Guard сервисінде белгілі бір сілтемелерді және пайдаланушы жиі жұмыс істейтін сайттарды тексеруге болады. Бұл үшін тиісті жолаққа сілтеме немесе веб-сайт адресін енгізіп, «Тексеру» түймесін басу керек. Тексеру нәтижелері біраз уақыт алуы мүмкін әрі олардың күйін бақылау үшін «Менің тексерулерім» бөліміне өтіп, соңғы нәтижені көруге болады.
Сервистің басты бетінде деректердің бұзылуына себеп болған сайттар туралы ақпарат, сондай-ақ бұзылған деректердің көлемі көрсетіледі. Деректер санын басқанда деректердің толық тізімі көрсетіледі. Сондай-ақ пайдаланушылар арнайы форманы толтыру арқылы күдікті әрекеттер туралы хабарлай алатын «Алаяқтық» бөлімі іске қосылған.
Сервисті қалай пайдалану керек
– eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Басқа сервистер» бөліміне өту;
– «Тексер» батырмасын басу;
– тексеру сілтемесін енгізіп, «Жіберу» батырмасын басу;
– «Менің тексерулерім» бөлімінде өтінімнің күйін қарау.
Сонымен қатар, «Тағы» бөлімінде пайдаланушылар қосымша ақпаратты қарай алады, сондай-ақ «Жаңалықтар», «Оқыту», «Тесттер» бөлімдеріне көпшілік үшін қолжетімді.
Бұған дейін, EGov қосымшасында атыңыз бен құрылғыңызда қанша SIM-карта тіркелгенін білуге болатын жаңа қызмет қосылған.