
Қазақстан электр энергиясын тасымалдау саласындағы ұлттық оператор – KEGOC АҚ былтыр 59,5 млрд теңге таза пайда тапқан.
2024 жылғы шоғырландырылған қаржы есебіне сәйкес, 2024 жылғы таза пайда көлемі 2023 жылғы 43,4 млмр теңгемен салыстырғанда 37%-ға артқан.
Компанияның негізгі қаржы көрсеткіштерінде да айтарлықтай өсім байқалады. Атап айтқанда, иынтық активтер көлемі 2024 жылдың соңында 1,1 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде 9,5%-ға артқан. Ал меншікті капитал көрсеткіші 770 млрд теңгеге жетіп, 12,3% өсімді көрсетті.
2024 жылы жалпы 319,9 млрд теңгеге электр энергиясына сатқан. Соның 286,4 млрд теңгесі қазақстандық тұтынушыларды түскен. Ал Ресей тұрғындары 31,2 млрд теңгеге Қазақстан электр энергиясын тұтынған. Қырғыз тұтынушыларынан 1,7 млрд теңге түссе, ал өзбекстандықтар 600 млрд теңгені электр энергиясын тұтынған.
Жалпы табыс 91,7 млрд теңгені құрап, 29,6%-ға артқан. Таза пайда 59,5 млрд теңгеге жетіп, 37% өсім көрсетті.
Ұлттық оператор 2024 жылғы таза пайдасының 75,6%-ын немесе 45 млрд теңгесін дивиденд ретінде төлейді.
Сонымен қатар, компания тиімділік көрсеткіштері бойынша да оң нәтижелерге қол жеткізді:
- ROA (активтердің рентабельділігі) – 5,42% (2023 жылы – 4,33%);
- ROE (меншікті капиталдың рентабельділігі) – 7,73% (2023 жылы – 6,33%);
- ROS (сату табыстылығы) – 18,6% (2023 жылы – 17,2%).
KEGOC былтыр топ-мененджерлеріне құрамға 650,4 млн теңге көлемінде сыйақы төлеген.
Сыйақының құрамына тұрақты жалақы мен оған байланысты шығындар (салықтар, әлеуметтік аударымдар, еңбек демалысы мен уақытша еңбекке жарамсыздық төлемдері, материалдық көмек және т.б.) кіреді. Сонымен қатар, бұл көрсеткішке Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне 2023 жылғы қызмет қорытындысы бойынша бірреттік жылдық сыйақы да енген.
Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы KEGOC басшылығына төленген сыйақы көлемі 420,3 млн теңгені құраған. Бұл сома 2022 жылғы операциондық қызметтің нәтижесі негізінде берілген жылдық сыйақыны да қамтыған.
2025 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша, «Самұрық-Қазына» қорына KEGOC акцияларының 85%-ы, ал БЖЗҚ-ға 6,88%-ы тиесілі еді. 3 айдан кейін жағдай өзгерді. «Самұрық-Қазына» үлесін 85,49%-ға, ал зейнетақы қоры 6,93%-ға арттырған.