Мамырдағы мерекелерге байланысты қысқа жұмыс аптасы басталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
мерекелерге байланысты қысқа жұмыс аптасы басталды / фото: shutterstock

Елімізде мерекелік демалыс күндеріне байланысты жұмыс аптасы қысқарады. Бұл жолы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай қазақстандықтар небәрі үш күн ғана жұмыс істейді.

Осы аптада 5 және 6 мамыр — жұмыс күндері, ал 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ресми мереке. 8 мамыр — әдеттегі жұмыс күні, ал 9 мамыр – Жеңіс күніне байланысты демалыс болып есептеледі. 10 және 11 мамыр — сенбі және жексенбіге сәйкес келеді.

Осылайша, мерекелік күндер қазақстандықтарға бір апта ішінде тынығуға қосымша мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, 9 мамыр Жеңіс күніне орай Астана қаласында мерекелік шеруге қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысады. Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі шеруге қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз