Сара Назарбаева ауыр хәлде ауруханада жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сара Назарбаева ауыр хәлде ауруханада жатыр / фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

БАҚ беттерінде Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығы нашарлағаны туралы ақпарат тарады. Бірқатар ақпарат көздерінің мәліметінше, Сара Назарбаеваның жағдайы екі апта бұрын күрт нашарлаған.

Қазіргі уақытта экс-президенттің әйелі қазіргі таңда Президент істері басқармасына қарасты Медициналық орталықтың Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр.

Сара Алпысқызы – 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келді. 1991 жылдан 2019 жылға дейін еліміздің тұңғыш ханымы, яғни Қазақстанның бірінші ханымы болды. Еліміздегі балалар құқығы мен тәрбиесіне байланысты көптеген бастамалардың авторы. 1997 жылы ол «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығын құрды. Бастапқыда балаларды сауықтыру мақсатында құрылған бұл мекеме уақыт өте келе кең ауқымды қызмет атқара бастады.

Айта кетейік, 2023 жылдың көктемінде БАҚ-та Сара Назарбаеваның 2005 пен 2012 жылдар аралығында өз тегін өзгертіп, қыз кезіндегі Қонақай тегіне қайта өткені туралы ақпарат тараған еді.

Сондай-ақ оқыңыз