eGov Mobile арқылы жеке деректердің таралғаны туралы оңай білуге болады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
eGov Mobile арқылы жеке деректердің таралып кеткені туралы білуге болады
eGov Mobile арқылы жеке деректердің таралып кеткені туралы білуге болады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

eGov Mobile арқылы жеке деректердің таралғаны туралы ақпаратты білуге болады. Қосымшада Nomad Guard сервисі пайда болды. Бұл сервистің көмегімен сіз жеке дерекеріңіздің қауіпсіздігін тексере аласыз.

«Енді eGov мобильді қосымшасының пайдаланушылары өздерінің деректерінің қауіпсіздігін жаңа Nomad Guard мобильді сервисі арқылы тексере алады. Сервис барлық азаматтарға қолжетімді және ықтимал қауіптерді іздеу үшін күдікті сілтемелер мен веб-сайттарды тексеру арқылы жеке деректердің бұзылуын оңай анықтауға мүмкіндік бар», – делінген баспасөз хабарламасында.

Nomad Guard сервисі арқылы белгілі бір сілтемелерді және пайдаланушы жиі жұмыс істейтін сайттарды тексеруге мүмкіндік берілген. Сондай-ақ сервистің басты бетінде деректердің бұзылуына жол берген қауіпті сайттар туралы ақпарат беріліп, қандай көлемде деректердің ұрланғаны көрсетіледі.

Ондағы деректер санына басу арқылы деректердің толық тізімін көруге мүмкіндік берелі. Сондай-ақ, пайдаланушылар аталмыш сервис көмегімен арнайы форманы толтырып, күдікті әрекеттер туралы хабарлама жібере алады.

Сондай-ақ оқыңыз