Биыл «Қызылорда-Жезқазған», «Астана-Қостанай» жолдары салынады

Биыл елімізде жалпы ұзындығы 13 мың шақырым болатын автожолға жөндеу жүргізіледі. Бұл жайлы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады
Ведомствоның мәліметінше, бір мың шақырымнан асатын бірнеше жаңа автожол салынып, кейбірі толығымен қайта жаңартылады. «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» бағыттары мен Сарыағаш, Рудный, Петропавл және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар салынады.
Өткен жылдары басталған республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңғырту жобалары да жалғасады. Жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асады. Олардың қатарында: «Қалбатау – Майқапшағай», «Құрыты – Қонаев», «Қызылорда – Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» автожолдары бар.
Өңіраралық және ауданаралық автожолдарға жөндеу жүргізуге де назар салынады. 7 мың шақырым жол қамтылады деп жоспарланып отыр. Олардың ішінде: «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Қандыағаш – Ембі – Ырғыз», «Қостанай – Қарабұтак», «Өскемен – Шемонайха», «Өскемен – Рахманов кілттері», «Орал – Атырау» және басқа да учаскелер бар. Бұл жұмыстар төрт немесе одан да көп жөндеу аралығында жөнделмеген.
2025 жылы іске асырылатын негізгі жобалар:
- Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)
- Қызылорда – Жезқазған (208 км)
- Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)
- Қарағанды – Жезқазған (572 км)
- Сарыағаш қаласын айналып өтетін жол (102 км)
- Қызылорда қаласын айналып өтетін жол (20 км)
- Қызылорда – Сақсауыл (470 км)
- Атырау – Доссор (86 км)
- Рудный қаласын айналып өтетін жол (16,9 км)
- Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)
- Петропавл қаласын айналып өтетін жол (8 км)
- Түркістан қаласын айналып өтетін жол (29,6 км)
- Астана – Қостанай – Ресей шекарасы (830 км)
- Шымкент қаласын айналып өтетін жол (48 км)
- Атырау – Орал (орташа жөндеу) (516 км)
- Атырау – Чапай (136 км)
- Алматы – Үшқоныр (48 км)
- Бейнеу – Сақсауыл (736 км)
Сондай-ақ биыл «ҚазАвтоЖол» «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» автожолында күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлаған. Жоба аясында жүріс бөлігін екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейеді деген жоспар бар.
Айта кетейік, бұған дейін 2030 жылға дейін көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жоспарланған. Оның аясында салынатын жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы – 4,7 мың шақырым. Оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар болады. Жалпы инвестиция көлемі 9 трлн теңгені құрайды.