Еуроодақ 2027 жылға дейін Ресей газынан толық бас тартуды жоспарлап отыр

Еуроодақ 2027 жылдың соңына дейін Ресейден газ, соның ішінде сұйытылған газ импорттауға тыйым салмақшы. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасаған Bloomberg жазады.
2023 жылы Ресейдің ЕО-ға газ жеткізу үлесі 19%-ға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш Украинадағы соғысқа дейін 40% болатын. Қазір ЕО үшін басты мәселе – ресейлік сұйытылған газдың экспорты болып отыр. Осы жылы маусымда комиссия жаңа мәміле мен спорттық келісім-шарттарға тыйым салуды ұсынады. Олар 2025 жылдың соңына дейін толығымен тоқтауы қажет.
Алайда ұзақ мерзімге созылатын келісімдер бар екенін ұмытпау керек. Оларды әзірге тоқтата алмайды, тек 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен доғаруды жоспарлап отыр. Еуроодақ ресейлік газды АҚШ, Катар мен Африкадағы көгілдір отынмен алмастырмақшы.
Bloomberg сілтеме жасаған дереккөздердің айтуынша, ресейлік газдан бас тартуға қатысты соңғы нақты шешім 6 мамырда қабылдануы керек.
Еуропалық импортерлер Ресейдің газы мен мұнайынан бас тарту туралы соғыс бастағаннан кейін жиі айтылды. Германия және басқа да еуропалық елдер жел және күн энергиясына өте бастады.