
Қаржы министрлігі «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» (КБЖК) атты цифрлық қызметті іске қосады. Оған сәйкес кәсіпкерлерге қажет барлық жүйелер бірігіп, бірыңғай платформаға салады.
Қазір еліміздегі бизнес иелері электронды шот-фактуралар жүйесі (ЭШФ), бірыңғай салықтық төлем (БСП), Кеден, E-Qazyna-тізім, Салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйесі (СӘАЖ) және Qoldau тәрізді түрлі ақпарат жүйелерімен жұмыс істейді. Бірақ кәсіпкерлердің барлығы олардың бар екені жайлы және мүмкіндіктері туралы барлығы бірдей білмейді. (КБЖК) жобасы сол қызметтерді біріктіріп, бір платформаға жинайды.
«КБЖК кәсіпкерді тіркеуден бастап салық жеңілдіктерін алу мен сатып алуға дейінгі барлық циклді қамтиды. Аталған кабинеттің көмегімен салық есебін беруге, артық төлемді қайтаруға, төлемді нақтылауға, салық режімін өзгертуге және бюджетпен есеп айырысуды бақылай алады. Яғни, барлығын электронды форматта мемлекеттік органдарға бармай-ақ іске асыруға болады», – деп түсіндіреді министрлік баспасөз қызметі.
Платформа веб-нұсқасынан бөлек, Аpp Store және Play Market-тен де жүктеп алуға болады. Қазір жоба даму сатысында тұр, сыртқы платформалармен интеграция аяқталып, интерфейсті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қаржы министрлігімен қатар Индустрия және құрылыс мекемесі де жаңа электронды жоба дайындап жатыр. Алдағы уақытта Құрылыс бойынша бірыңғай портал іске қосылады. Елімізде кез келген мемлекеттік құрылыстың қалай басталып, қалай аяқталып жатқанын сол жерден онлайн бақылауға болады. Жобаға Қазақстандағы 89 қалада жүріп жатқан құрылыс нысандары жайлы барлық мәлімет енгізіледі.