Теңгеге әсер етеді: мұнай бағасы 60 доллардан арзандады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Мұнай арзандаса, теңге құнын құнын жоғалтады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 60 доллардан төмен саудаланып жатыр. Материал жарияланған сәтте мұнайдың маусымдағы фьючерсі 59,5 доллар деп бағаланды.

Мұнай бағасының бір аптаның ішінде 7-8 долларға арзандауына OPEC+ ұйымының шешімі себеп болды. Өйткені мұнай экспорттаушы елдер маусым айындағы мұнай өндірісін тағы 411 мың баррельге арттыруға келісті. Сауд Арабиясы бастаған мұнай өндірушілер бірнеше айдан бері Қазақстанды жазалау науқанын жүргізіп жатыр.

Экономикасы шикізат экспортына тәуелді Қазақстан үшін мұнайдың қымбат болғаны жөн. Оның үстіне, 2025 жылғы бюджетте мұнайдың бір баррелі 75 доллар деп есептелген. Республика бюджетіне ақша жетпей жатқан тұста мұнай құнының арзандауы экономикаға қосымша қысым түсіреді.

Оның үстіне мұнай арзандаған сайын ұлттық валюта құнын жоғалтатын жағымсыз үрдіс қалыптасқан.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мамырдың басында шетел валютасына сұраныс ұсыныстан асып түскеніне назар аударды. Ұйым оны елдегі шетел компанияларының валютаны көптеп сатып алуымен, сонымен бірге халықтың мамырдағы демалыс күндері көп қыдыруымен байланыстырып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз