
Қырғызстан 2025 жылдың үшінші тоқсанында «Алтын доллар» (USDKG) стейблкоиннын шығаруды көздеп отыр. Бішкек алтын мен долларға байланған коин қорын 2 млрд долларға ұлғайтады. Бұл туралы CoinDesk платформасы хабарлады.
Басылым мәліметінше, USDKG трансшекаралық транзакциялар мен халықаралық сауданы жеңілдетуге арналған. Бастапқыда ол Орталық Азияда қолданылып, кейін Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығысқа шығады.
Қырғыз коины шыққалы жатқанын CoinDesk басылымына Дубайда Token2049 конференциясында жоба кеңесшісі Габриэль Герра айтты.
Мақсат – трансшекаралық ақша аударымдарын жеңілдету. Қырғызстанның ішкі жалпы өнімінің 30%-ын шетелден түсетін ақша толтырады.
USDKG иегерлері өзінің стейблкоинын алтынға немесе басқа да кривтоактивтерге айырбастай алады.