
Астанада өтетін Grand Slam әлемдік турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың есімдері белгілі болды.
Турнир 9–11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бүгінде жарысқа қатысатын құрам толық бекітілді. Турнирге әлемнің 48 елінен 400-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, 2024 жылғы Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев, біршама уақыттан кейін халықаралық аренаға қайта оралады.
Ерлер құрамасы:
-60 кг: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Сүйкенов, Талғат Орынбасар
-66 кг: Гусман Қырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов
-73 кг: Саят Сейтқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Әбдірахманов, Есет Қуанов
-81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай
-90 кг: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов
-100 кг: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас
+100 кг: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев
Әйелдер құрамасы:
-48 кг: Диана Буркеева
-52 кг: Құндыз Жылқыбай, Айшабибі Мұрадимова
-57 кг: Дина Мұханбет, Дана Әбдірова
-63 кг: Асылжан Орынбасарова
-70 кг: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Тельбаева, Анастасия Морозова
-78 кг: Назерке Тілеуханова, Зәмзәгүл Файзолланова
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова.