Halyk Bank мобильді қосымшасы мен ақша аударымдары істемей қалды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
казахстанские банки
Halyk Bank өкілдері ақауларды жою үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын хабарлады / Фото: Shutterstock

Кейбір қазақстандықтар Halyk Bank қосымшасына бірнеше сағат бойы кіре алмай жатыр. Қолданбаға кіру кезінде тек кіру терезесі ғана көрініп, одан әрі ешқандай әрекет жасау мүмкін емес. Бірнеше минуттан кейін «аутентификация қате» деген хабарлама шығады.

Бұл жағдайға байланысты Halyk Bank ресми түсініктеме берді:

«Құрметті клиенттер! Halyk Bank өз қызметтерінің тұрақтылығына әсер етуі мүмкін уақытша техникалық қиындықтар туралы хабарлайды. Біздің мамандар ақауларды жою үшін белсенді жұмыс  істеуде. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік пен шыыдамдылық танықтандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Қызметтердің толық қалпына келгені туралы қосымша хабарланатын болады. Құрметпен, Halyk Bank»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Halyk Ban бір жылда таза 921 млрд теңгеге дейін табыс тапты. Бұл жыл бұрынғы көрсеткіштен 32,8%-ға артық. Мәліметтерге қарағанда, банк табысы несие беру мен транзакцияны арттыру нәтижесінде көбейген.

Айта кетейік, Halyk Bank-тің негізгі акционері – «Алмэкс» холдингтік тобы, оның банктегі үлесі 69,67%-ды құрайды. Бұл компания Тимур және Динара Құлыбаевтарға тиесілі. Әрқайсысы 112,4 млрд теңге көлемінде дивиденд алуы мүмкін.

28,28% акцияның номиналды ұстаушысы – The Bank of New York. Бұл бағалы қағаздар Лондон қор биржасында (LSE) жаһандық депозитарлық қолхат (GDR) түрінде саудаланады. Миноритарлық акционерлердің үлесіне шамамен 91,2 млрд теңге тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз