Жаңалықтар

Шерзат Полат қайтыс болған күні түсірілген видео жарияланды

Шерзат қайтыс болған күні түсірілген видео көрсетілді/фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот отырысы өтіп жатыр. 2025 жылдың 6 мамырында сотталушылардан жауап алу басталды. Бірінші болып сотталушы Дархан Әскентайдан жауап алынды, деп хабарлайды KursivMedia.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушының өтінішхаты негізінде қайғылы жағдай болған 2024 жылдың 3 қазанынан 4 қазанына қараған түні Талғардағы «Қамажай» дүкенінде түсірілген видео жарияланды.

06.05.2025ж. 2-бөлім. Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесі

Видеоны көрсету барысында техникалық ақау шықты. Істі қарап жатқан судья сол себепті үзіліс жариялады. Келесі сот отырысы 2025 жылдың 15-16 мамыры сағат 10:00-де басталады.

Сотталушы Дархан Әскентайдың сотта берген жауабын мына жерден оқи аласыздар.

Шерзат Полат ісі

Қылмыстық істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Дана Сәрсенбай мен Ержан Құрақбаев.

Сотталушылар қатарында 9 адам бар. Олар Абзал Шынасыл, Равиль Сакиев, Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Нұрқияс Ілиясов, Дидар Қалиахмет, Думан Ысқақ. 

Бұған дейін ішінде 4 адамның бұрын сотты болғаны айтылды. Сондай-ақ олар өздеріне тағылған айыпты мойындамады.

2025 жылдың 18 сәуірінде жәбірленушілерден жауап алынды. Бірінші болып Шерзат Полаттың әжесі сотта жауап берді. Одан кейін марқұмның анасы Гүлбара Бишембиевадан жауап алынды. Жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов жанжалдың неден басталғанын айтып берді.   

Сондай-ақ 2025 жылдың 28 сәуірінде Шерзат Полат қайтыс болған күні сотталушылармен бірге жүрген екі әйел Эльмира Нұрбекова және Дана Жақсыгелдіден жауап алынды

Сотталушылар қатарында 9 адам бар

Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағы (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмысты жасады деп айыпталып отыр.

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 7 және 9-тармағы (адам өлтіруге оқталу);

Шыңғыс Белғожаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Дархан Әскентай – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық);

Нұрқияс Ілиясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Думан Ысқақ (2007 жылы туған) – қылмыстық кодексінің 434-бабы (қылмысты жасыру).