Жаңалықтар

Qazaq Air-ді иеленген вьетнамдық компания Қазақстаннан әуежай сатып алуы мүмкін

Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Вьетнамдық SOVICO Group компаниясы Қазақстандағы әуежайдың бірін сатып алуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Аталмыш компания Qazaq Air әуе компаниясын сатып алған болатын. Енді SOVICO еліміздегі бір әуежайды сатып алу немесе басқаруға алу арқылы Қазақстанда тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруды жоспарлап отыр.

«Олар қазір әуежайды сатып алу немесе басқаруға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Өйткені кез келген әуе компаниясы үшін базалық әуежай қажет. Компания өте ірі, қарқынды дамып келеді», – деді Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық қарым-қатынас нығайып келеді. 2023 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 879 миллион АҚШ долларын құраған. Қазақстан Вьетнамға негізінен мырыш пен қорғасын экспорттаса, бұл елден техника мен дайын өнімдер импортталады.

«Вьетнам – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі серіктестерінің бірі. Біздің елде вьетнамдық ірі инвесторлар белсенді жұмыс істеп жатыр», – деді Жұманғарин.

SOVICO Group Қазақстанды стратегиялық нарық ретінде қарастырып отыр. Ол  Qazaq Air әуе компаниясын «Самұрық-Қазына» қорынан 2024 жыл соңында сатып алды. Қарызға батқан компания 2 млрд теңгеге бағаланды. SOVICO Group әуе компаниясының 38 млмр теңге қарызып өтеп, алдағы 5 жылда бірнеше әуе кемесін сатып алуға келіскен.

Астанада өтіп жатқан Қазақ-вьетнам дөңгелек үстелінде Qazaq Air компаниясы атауын VietJet Kazakhstan деп өзгертетіні беллігі болды.