Соғыс ардагерлері туралы деректерді қарауға болатын арнайы портал іске қосылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Батырларға тағзым» порталы іске қосылды
«Батырларға тағзым» порталы іске қосылды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылы Жеңістің 80 жылдығына орай «Батырларға тағзым» атты бірегей интернет-порталды іске қосты. «Батырларға тағзым» сайтында Ұлы Отан соғысына қатысқан және майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер туралы толық мәліметтер мен фотоматериалдар жинақталған.

Бүгінде портал базасында:

  • 678 331 ардагер туралы дерек бар;
  • 365 Кеңес Одағының Батыры,
  • 4 екі мәрте Кеңес Одағының Батыры,
  • 19 «Даңқ» орденінің кавалері бар.

Сайт арқылы пайдаланушылар: қажет жауынгерді іздей алады, өз туыстары туралы дерек пен құжаттарды қосып, жаңалықтармен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Порталға жүктелген барлық деректер мұрағат мамандарының тексеруінен кейін ғана жарияланады.

«Батырларға тағзым» жобасына тек Қазақстан азаматтары ғана емес, шетелдік зерттеушілер мен тарихшылар да қызығушылық танытып отыр. Бүгінге дейін: Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Украинадан 80-ге жуық өтінім түскен.

Еске сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елде 83 048 ардагер тұрады. Алайда оның  111-і ғана ҰОС ардагері.

Сонымен қатар министрліктің мәліметінше, 2025 жылы 9 мамыр Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз