
Netflix компаниясы көпшілік күткен «Кальмар ойыны» (Игра в кальмара) телехикаясының үшінші маусымына арналған алғашқы ресми тизерді ұсынды. Жаңа маусым 2025 жылдың 27 маусымында жарық көреді деп жоспарланып отыр. Бұл жолы көрермендер жаңа ережелер мен қатыгез ойындарға куә болады.
Тизерде көрермендерді ойландыратын кадрлар көп көрсетіледі: тизердің басы ойыншылар бөлмесіне табыт әкелумен басталып, видео соңында баланың жылаған дауысы естіледі. Бұл маусымда басты кейіпкер Сон Ги Хун аман қалған ойыншылармен бірге одан да қатігез және жан түршігерлік ойындарға тап болады.
«Кальмар ойыны ешкім үшін аяқталған жоқ. Сон Ги Хун үмітін үзбей, аса маңызды шешім қабылдауға мәжбүр болады. Әр раундтағы таңдаулар ауыр салдарға әкеліп соғады», делінген Netflix хабарламасында.
Танымал сериалдың жаңа бөлімінде көрермендерге бұрынғы қуыршақ Ён Хидің жұбы ретінде жаңа кейіпкер – ер адамның бейнесіндегі Чхоль Су қуыршағы таныстырылды. Бұл тосынсый сериал жанкүйерлерінің қызу талқысына түсіп үлгерді.
Айта кетейік, «Игра в кальмара» екінші маусымы өзінің феномендік жетістігімен есте қалды. Тұсаукесерден кейінгі алғашқы төрт күн ішінде сериал 68 млн қаралым жинап, 2022 жылы 50,1 млн қаралымға жеткен «Уэнздей» сериалының рекордын жаңартқан еді.