
Мамыр айы елімізде тек мерекелермен ғана емес, жарқын премьералармен де есте қалмақ. Кинотеатрлар көрерменге түрлі жанрдағы фильмдер мен ерекше жеңілдіктер әзірлеп отыр. Солардың бірі – 7-11 мамыр аралығында Freedom Ticketon платформасында кинобилеттерге 30% жеңілдік жүреді. Ол үшін билет сатып алу кезінде KINO30 промокодын енгізу қажет.
Мамыр айының басты премьералары:
7 мамырдан бастап SASYQ фильмі көрерменге жол тартады. Танымал актер Ерден Телемісовтың алғашқы режиссерлік жұмысы. Дәстүр мен еркіндік туралы терең философиялық драма.
«ADAM: Нартәуекел» – Анимациялық фантастика. Әкесін іздеп ғарышқа аттанған бала қатыгез билеушіге қарсы тұрады.
«Пёс из будущего» – Балалар мен ересектерге арналған көңілді оқиға. Уақыты мен жүрегі бар сүйкімді ит туралы шытырман оқиға.
«Астрал. Өлі жүрек» – Экзорцизм мен медициналық тәжірибелерге толы қорқынышты фильм. Хорор жанрының жанкүйерлері үшін таптырмас туынды.
«Эндрю Уайет әлемі» – Америкалық суретші туралы деректі фильм. Көрермендерді атақты «Кристинаның әлемі» картинасының авторының шығармашылығына терең бойлатады.
Жеңілдікті қалай пайдалануға болады?
Freedom ticketon сайтына кіріп, 7-11 мамыр аралығында көргіңіз келетін фильм мен сеансты таңдап, KINO30 промокодын енгізіп, 30% жеңілдікпен билет сатып алыңыз;
Еске сала кетейік, бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген фильмдерге бюджеттен қанша қаражат кеткені туралы жазған едік.