Жаңалықтар

Жамбыл облысының инвесторлары үшін электр энергиясының тарифтері негізсіз көтерілген

 электр энергиясының тарифтері
Прокуратура Жамбыл облысында екі инвестор үшін электр энергиясының тарифтері негізсіз көтерілген / Фото: kursiv.media архив

Жамбыл облысының инвесторлары үшін электр энергиясының тарифтері негізсіз көтерілген. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысы прокурорларының шараларымен екі ірі инвестордың құқығы қорғалды. Мемлекеттік қолдау шараларының негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды өңдірушілерге электр энергиясының құны жеңілдетілген бағада төленуге жатады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Прокуратура мәліметінше, екі инвестор құны 2,28 млрд теңгені құрайтын жобаны жүзеге асырған. Бұл жоба әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды өңдірушілер тізбесіне енгізілген. Алайда екі инвестор да жеңілдік алуға құқы бола тұра, электр энергиясы үшін 1 кВт сағатына 38,44 теңге төлем келген. Ал жеңілдетілген тариф бойынша 35,85 теңге төлеу керек болған.

Нәтижесінде прокуратура кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапқа тартып, инвесторлар жеңілдетілген тарифке ауысқан.

Айта кетсек, прокурорлар Ақмола облысының Зеренді ауданында құс фабрикасын салған инвестордың құқын қорғап қалған болатын.