Сауда Арабиясы Азияға баратын мұнай бағасын көтеріп, АҚШ үшін арзандатты

Saudi Aramco мемлекеттік компаниясы Азия елдеріне баратын мұнай маркаларының бағасын көтермек. Бұл туралы Bloomberg агенттігі маусым айына арналған прайс-листке сілтеме жасап хабарлады.
Жаңа тарифке сәйкес, бір баррель мұнай бағасы 20%-ға қымбаттайды.
Arab Light маркалы мұнайдың Азия нарығындағы бағасы бір баррель үшін 0,2 долларға өседі. ОПЕК+ елдерінің алдағы кездесуіне дейін мұнай өңдеу зауыттары мен трейдерлер бұл өсімді 0,3 доллар болады деп болжаған еді.
Bloomberg атап өткендей, Saudi Aramco басқа өңірлерге, соның ішінде Еуропа мен АҚШ-қа арналған барлық мұнай маркаларының бағасын да қайта қарастырған. Нақтырақ айтқанда, АҚШ үшін баға 0,2 долларға төмендесе, Солтүстік-Батыс Еуропа мен Жерорта теңізі аймағының сатып алушылары үшін баррель бағасы 1,1 долларға арзандайды.
Сәуір айында ОПЕК+ ұйымына мүше елдер 1 мамырдан бастап мұнай өндірісін тәулігіне 411 мың баррельге арттыру туралы келісімге келген. Бұл үш айға арналған бастапқы өндірісті қалпына келтіру жоспарына сәйкес келеді.
3 мамырда Ресей Премьер-министрінің орынбасары Александр Новак ОПЕК+ елдері мұнайды әлдеқайда көп көлемде өндіре алатынын, алайда қазіргі уақытта өндірісті шектеулі деңгейде ұстап отырғанын мәлімдеді.