Фридрих Мерц Германия канцлері қызметіне сайланды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Христиан демократтар жетекшісі Фридрих Мерц Германия канцлері атанды / фото:  REUTERS/Fabrizio Bensch

Неміс парламенті – Бундестаг екінші қайтара дауыс беру арқылы Фридрих Мерцті Германия канцлері қызметіне сайлады. Мерц алғашқы дауыс беру кезінде сәтсіздікке ұшыраған.

Бундестагтағы 325 депутат Мерцті қолдап дауыс берді. Саясаткердің канцлер атануына 316 дауыс қажет еді. 289 депутат оған қарсы дауыс берді.

Reuters мәліметінше, алғашқы дауыс беру науқанында саясаткер бар болғаны 310 дауыс жинаған. Оны коалициядағы кем дегенде 18 депутат қолдамаған.

Енді президент Франк-Вальтер Штайнмайер жаңа үкімет басшысы грамота тапсырады. Бұның алдында Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-солциалистік одағы блогының кезектен тыс сайлаудағы жеңіске жеткен. Биліктің ауысуы жаңа канцлердің сайлауымен аяқталды.

Мерц Германияның жаңа канцлері ретінде сәрсенбі күні Франция мен Польшаға сапарлайды. Қазірдің өзінде саяси коалицияның беделі түсіп бара жатқаны туралы көп айтылып жатыр. Бірақ 69 жастағы Фридрих Мерцтің оны өзгертуге мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ оқыңыз