Астанада әскери парад басталды – тікелей трансляция

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Әскери парад басталды/фото: Ақорда

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад басталды, деп хабарлайды KursivMedia.

Әскери парад елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан көрсетіліп жатыр.

Әскери парадты Қазақстан қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев басқарады.

Айта кетейік, қазір ел аумағында 105 соғыс ардагері бар.

Алдымен Қазақстан Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы Мемлекеттік туды және Жеңіс туын алаңға алып келді. Жеңістің Қызыл туы – осыдан 80 жыл бұрын әйгілі отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның майдандасы Григорий Булатов Рейхстагқа тіккен тудың көшірмесі.

Айта кетейік, Астана тұрғыны пәтер терезесінде әскери шеруді видеоға түсірмек болған. Алайда дрон арқылы терезені жабу туралы хабарлама алған. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, 7 мамырда әскери шеруді қаладағы бірнеше жерден тамашалауға болады. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандар арқылы шеру көрсетіледі:

– Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);

– «Астана Арена» стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт);

– «Astana Music Hall» автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция).

Айта кетейік, бұған дейін парадқа 4 мыңнан астам әскери қызметкер, 200-ден аса әскери техника және 66 ұшақ пен тікұшақ қатысатыны айтылды. Жеңіс күніне арналған әскери шеруге бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінген. 

Сондай-ақ оқыңыз