Астанада Алаш тас жолы ішінара жабылады
Жарияланды

Астанада Алаш тас жолы ішінара жабылады, деп хабарлайды KursivMedia.
Қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, Алаш тас жолына 191-көшеден 69-көшеге дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі.
8-12 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты осы учаскедегі қозғалыс ішінара жабылады. Автокөлік қозғалысы екі бағытта да кезең-кезеңімен ұйымдастырылатын болады.
Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұрады.
Айта кетейік, Айтматов көшесінен Е-128 көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тас жолының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жалғасады. 14 мамырға дейін көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.