Тоқаев Германияның жаңадан сайланған канцлерін құттықтады
Жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент құттықтау жеделхатында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтіп, қазақ-герман ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады.
Айта кетейік, бұған дейін неміс парламенті – Бундестаг екінші қайтара дауыс беру арқылы Фридрих Мерцті Германия канцлері қызметіне сайлады. Мерц алғашқы дауыс беру кезінде сәтсіздікке ұшыраған.
Бундестагтағы 325 депутат Мерцті қолдап дауыс берді. Саясаткердің канцлер атануына 316 дауыс қажет еді. 289 депутат оған қарсы дауыс берді.