Алматыда әскерилер Бибігүл Төлегенованы құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері опера әншісі Бибігүл Төлегенованы құттықтады. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.
Әскери қызметшілер әншіге гүл шоқтары мен аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы туралы кітапты сыйға тартты.
Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Арман Тұрғанбаев әншіге алғысын білдірді.
Бибігүл Ахметқызы әскери қызметшілерге алғыс айтып, келе жатқан мамыр мерекелері – Отан қорғаушы күні және Жеңіс күнімен құттықтады.
Айта кетейік, мерекеге байланысты әскери парад сағат 10:45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан көрсетіледі. Сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарланған.