
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам елордадағы «Этноауыл» көрмесін аралады.
Ақорданың хабарлауынша, меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін көрсетеді.
Сондай-ақ То Лам «Этноауылда» cәбидің тұсауын кесті.
Айта кетейік, Астанада өткен әскери парадқа мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысты.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Президент екі елді талай жылдан бері үзілмей келе жатқан достық қарым-қатынас байланыстыратын айтқан. Сондай-ақ достыққа негіз болған тарихи оқиғалардың бірі ретінде 1959 жылы Қазақстанға Вьетнам елінің тұңғыш gрезиденті Хо Ши Миннің келуін атап өткен. Сол уақыттан жалғасқан ынтымақтастық негізінде екі ел шынайы стратегиялық әріптестік орната алған.