Ватиканда жаңа Рим Папасын таңдап жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ватиканда жаңа Рим Папасын сайлап жатыр/фото:Reuters/Murad Sezer

Рим-католик шіркеуінің кардиналдары Жаңа Рим папасын сайлауға кірісті. Әуелі кардиналдар Әулие Петрдегі мессада дұға етті. Орта ғасырлардан бастау алған рәсімге сәйкес, қоғамдық мессадан кейін олар Ватикандағы Сикстин капелласына жиналады.

Ол жердегі конклавта 21 сәуірде қайтыс болған Рим папасы Францисктің орнына кім келетіні шешіледі.

Reuters-тің жазуынша, ғасырлар бойы конклавтың бірінші күнінде бір де бір Рим Папасы сайланбаған. Дауыс беру үміткерлердің бірі көпшілік дауысқа ие болғанға дейін бірнеше күнге созылуы мүмкін.

26 сәуірде діндарлар мен әлем көшбасшылары Рим Папасы Францискпен қоштасу рәсіміне қатысу үшін Ватиканға жиналды. Қоштасу рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трамп пен жұбайы Мелания, Франция президенті Эммануэль Макрон, Украина президенті Владимир Зеленский, сондай-ақ Еуропа, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінің басшылары барды.

Сондай-ақ оқыңыз