Алматыда мереке кезінде 34 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматыда 34 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді/фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 9 мамырда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Саябақ аумағында гүл шоқтарын қою салтанаты өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Өзгеріске сәйкес, сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Қонаев – Жібек жолы – Қазыбек би – Бәрібаев көшелері аумағында көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл аумақта автотұрақ та уақытша жабылады.

Сондай-ақ осы уақыт аралығында Гоголь көшесі Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Қонаев көшесіне дейін қозғалыс толық жабылады. Соған байланысты әкімдік тұрғындардан осы уақытта көліктерді бұл көше бойында қалдырмауды сұрады.

Қала басшылығы тұрғындарды 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан біржақты тегін тасымалдайтын көліктер қосқан. Олар:

– Достық даңғылы (Төле би және Қазыбек би көшелерінің арасы) – Абай алаңы – Орталық стадион;

– Қалдаяқов көшесі (Гоголь көшесінің оңтүстігінде) – Халық Арена;

– Гоголь көшесі (Қонаев көшесінің бұрышы) – Райымбек батыр даңғылы / Абылай хан көшесі;

– Қонаев көшесі (Гоголь мен Қазыбек би көшелерінің арасы) – «Сәлем» базары;

– Гоголь көшесі (Қалдаяқов көшесінен батысқа қарай) – Алматы Арена.

Сондай-ақ 9 мамырда 34 маршруттың қозғалысына уақытқа өзгеріс енгізіледі. Толығырақ мына жерден көрден аласыздар.

Айта кетейік, Алматыда 9 мамыр сағат 21:00-де Абай алаңында жарық шоуы өтеді. Оған 500-ден астам дрон қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыз