Ақтау әуежайы шілденің соңына дейін күндіз ұшақ қабылдамайды
Жарияланды

Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. Жұмыс 2025 жылдың 15 мамырында басталып, 31 шілдеге дейін жалғасады деп жоспарланған.
Жөндеу жұмыстары Ақтау уақыты бойынша күндіз сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жүргізіледі.
Соған байланысты Ақтау әуежайынан/әуежайына ұшу күн сайын түнгі сағат 21:00-ден таңғы сағат 07:00-ге дейін жүзеге асырылады.
«Ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары ұшу қауіпсіздігін, әуе кемелері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ басшылығы жолаушылардан кәсіпорынның қызметіне түсіністікпен қарауды сұрайды», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияға берілуі мүмкін екені айтылды.