Lifestyle

Димаш Құдайберген челлендж бастады (видео)

Димаш конкурс жариялады/фото/Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Тау ішінде» аталатын жаңа бейнебаянының шығуына орай челлендж бастады. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әншінің сөзінше, жаңа бейнебаян 2025 жылдың 15 мамыры Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де YouTube платформасындағы каналында шығады.

Dimash Qudaibergen - TAU ISHINDE | Official Teaser 2

«Премьера құрметіне – челлендж. Осы трекке арналған және ең көп қаралым жинаған қызықты видеоны үлкен сыйлық күтіп тұр!», – деп жазды Құдайберген.

Челлендж шарттары мынадай:

Видеоның ұзақтығы 30 секундқа дейін болуы керек.

TikTok немесе Instagram желісіне жүктелуге тиіс.

Міндетті түрде #TauIshindeChallenge хэштегін қою қажет.

Челлендж 8 мамыр басталып, 25 мамырға дейін жалғасады.

Жүлдеге келсек, жеңімпаз өз таңдауы бойынша Димаштың жеке концерті өтетін Барселона, Берлин, Лондон, Ригаға жолдама алады. Оның ішіне бару-келу билеті, шетелде тұру құны да кіреді.

Нәтижесі 26 мамырда Алматыдағы фан-кездесуде белгілі болады.

Айта кетейік, «Тау ішінде» бейнебаянына жұлдызды жұп Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова, олардың қызы Айым Сейтметова түскен.