Тоқаев Ресейге барды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Ресейге барды/фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барды. Ақорда Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін барғанын хабарлады.

«Қазақстан президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін KursivMedia 9 мамыр басқа елдерде қалай тойланатынын жазды. Соған сәйкес, Жеңіс күні Ресейде ерекше тойланады. Ауқымды әскери парад өтеді. Ресейде 7 мыңға жуық майдангер бар. Оларға 80 мың рубль ($ 966,57) беріледі.

Ресейліктердің ең айтулы басты мерекесінің бірі. Ресей үшін бұл күн – «орыс қаруының айбыны, ата-бабалардың ерлік даңқы» ретінде қарастырылады. Кеңестік дәстүр бойынша, «Ұлы отан соғысы» деп атайды. Бұл кезең 1941 жылы гитлерлік Германияның шабуылдап,  КСРО-ның Екінші дүниежүзілік соғысқа араласқан уақытты қамтиды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың идеологиялық тұсына, «фашизмге қарсы күрес» екеніне басымдық береді. 

Орталық азия елдері Екінші дүниежүзілік соғысты адамзат тарихындағы ең зұлмат ретінде таниды. Мәселен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон «тарихтың ең қара парағы», «тәжік халқы үшін ұлы қасірет әкелгенін» айтты. «Бұл соғыс ауқымы мен адамдарға қасірет әкелген ең қорқынышты соғыс» деп атады.

Жалпы, Орталық Азия елдері бұл күнді алапат соғыста қаза болған отандастарын еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Мәселен, Тәжікстан биыл ардагерлерге 50 мың сомони ($4810) беріп отыр. Бұл елде небәрі 17 ардагер қалған. Ал Өзбекстанда 82 ардагер он мың доллар көлемінде сыйақы алады. Қырғызстанда 100 мың сом ($1140) берілмек.  

Түркіменстан да қанша майдангер бар екені беймәлім. 2018 жылдан бастап 9 мамыр демалыс күні болып есептелмейді.

Сондай-ақ оқыңыз