
Павлодардағы «Жеңіс саябағында» әдепсіз би билеп, желіде шу тудырған төрт қыздың ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы жергілікті kerek.pv telegram арнасы жазды.
Желі қолданушылары қыздардың оғаш биімен қатар, видеодағы «Жеңіс саябағын қорлап жатырмыз» деген жазуға ашуланған.
Kerek.pv мәліметінше, полициясы қыздар мен олардың ата-аналарын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Қыздар жергілікті колледждердің бірінің студенттері екенін белгілі болған.
Қыздардың әрекеті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.
Сонымен қатар, Павлодар қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға ұсыныс берілген.
Бұған дейін, Атырау облысындағы мұз айдыны ғимаратында мемлекеттік туға араб тілінде жазу жазып, онымен суретке түсіп, әлеуметтік желіге таратқан төрт қыздың екеуінің анасына әкімшілік айыппұл салынған. Біреуіне айыппұл салынып, біреуі бес тәулікке қамауға алынған.