Банк пен қаржы

Отбасы банк ағымдағы шот ашуды тоқтатты ма

Фото: ашық дерекөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Отбасы банк ағымдағы есепшот ашпайды. otbasybank.kz сайтында да, Otbasy Bank мобильді қосымшасында ол жеке операция ретінде жүргізілмейді. Бұл туралы банкті сайтындағы хабарламада жазылған.

«Ағымдағы шотты ашу операциясы otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында және Otbasy Bank мобильді қосымшасында жеке операция ретінде бұдан былай қолжетімсіз екенін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Дегенмен, банктің баспасөз қызметі клиенттер үшін аса ештеңе өзгере қойған жоқ дейді. Бәрі бұрынғысынше істеп тұр. Тек депозитті қайта бөлген немесе жатқан кезде ағымдағы шотты ашуға болады.

«Бұған дейін де осылай болған. Қазір клиенттерімізге біздің банкте не үшін ағымдағы шот ашу керек екенін түсіндіріп жатырмыз. Өйткені біз классикалық түрдегі банк емеспіз. Былайынша ағымдағы есепшот керек емес, тек депозитті бөлгенде не жапқанда керек болады. Яғни белгілі бір операция шеңберінде ағымдағы шот ашылады», – дейді баспасөз қызметі.

Отбасы банктің негізгі өнімдері – депозит пен тұрғын үй займы. Баспанаға қарыз алу үшін алдымен депозитте ақша жинап, сосын қарыз ауға болады.

Қаржы ұйымы бұған дейін «Наурыз 2025» бағдарламасы үшін 50 млрд теңге қаржы тартқан.