Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 9 мамырда Мәскеуге барудан бас тартты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ильхам Әлиев 9 мамырда Мәскеуге барудан бас тартты / фото: архив kursiv.media

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Мәскеуде өтетін дәстүрлі парадқа Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатыспайтыны белгілі болды. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.

Ушаковтың айтуынша, Әлиев Мәскеуге бару сапарынан бас тартып, ел ішінде өтетін шараларға қатысуды жөн көрген.

Ильхам Әлиев Гейдар Әлиевке арналған ішкі шараларға қатысуы тиіс, – деді Ушаков ресейлік басылымға берген жауабында.

Бұл жағдайға Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Светлана Журова да пікір білдіріп, Әзербайжанда да 9 мамырда еске алу шаралары өтетінін айтты.

Біз бірден бұдан астар іздейміз. Бірақ, бәлкім, ол өз елінде парад немесе басқа да 9 мамырға арналған шараларды өткізбекші шығар. Ол жақта да патриоттық рухты көтеруге бағытталған маңызды ішкі шаралар бар, – деді Журова.

Айта кетейік, бұған дейін, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстанның Ақтау қаласында Әзербайжанға тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған еді. Осы оқиғадан кейін, Ильхам Әлиев Мәскеуге қатқыл үндеу жасап, Ресейден ресми кешірім сұрауды, жауапкершілікті мойындауды және өтемақы төлеуді талап еткен.

Сондай-ақ оқыңыз