Мерекелік «Жеңіс пойызы» Алматыға келіп тоқтайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы-2 вокзалында «Жеңіс пойызы» шарасы өтеді

Алматы-2 теміржол вокзалында сағат 11:00 мен 15:00 аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс пойызы» атты патриоттық шара өтеді.

Бұл пойыз – жай ғана көлік емес, тарихтың тірі куәсі. Ол соғыс жылдары майданға аттанған жауынгерлер мен олардың туған жерге оралу сәтін еске түсіретін ерекше платформа. Шара барысында ардагерлер, оқушылар, кадеттер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бас қосып, өткен ұрпақтың ерлігіне тағзым етеді.

Мерекелік бағдарламада:

  • Соғыс жылдарындағы әндер орындалады;
  • Оқушылар майданнан жазылған хаттарды оқиды;
  • Актерлер мен еріктілер соғыс жылдарындағы шынайы оқиғаларды сахналайды;
  • Сол жылдардың атмосферасын жеткізетін хореографиялық қойылым ұсынылады.

Сондай-ақ, соғыс кезеңінің атрибутикасы қойылған фотозоналар, майдандық хат жазуға арналған шеберлік сағаты мен ардагерлер мен қонақтарға арналған майдандық ботқа таратылады. Шара соңында барлық қатысушы бірігіп «Жеңіс күні» әнін орындайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздегі ірі қалаларында «Жеңіс күніне» орай қандай іс шаралар ұйымдастырылғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз