«Атырау» футбол клубы жеңіске жету үшін құрбандық шалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Атырау» футбол клубы жеңіске жету үшін құрбандық шалды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Атырау» футбол клубының ойыншылары ел біріншілігінде сәтсіз ойындарынан кейін, жеңіске жету үшін қой сойып, құрбандық шалды. Алайда команда бұл әрекеттен кейін де жеңіске жете алмады.

Клубтың YouTube арнасында жарияланған видеода кезекті матчтың алдында ойыншылар молда шақырып, арнайы дұға жасатып, құрбандық шалғаны көрсетілген.

Атырау футбол клубының баспасөз хатшысы Еламан Жексеновтің айтуынша, бұл діни рәсім «Ордабасы» футбол клубымен ойын алдында жасалған.

Қарсыласты жеңіп, көптен күткен үш ұпайға қол жеткіземіз деп сенеміз, — деді Жексенов матч алдында.

Алайда үміт ақталмады. «Атырау» өз алаңында «Ордабасыдан» 1:2 есебімен жеңілді. Бұл — клубтың биылғы маусымдағы сегізінші жеңілісі.

Қазіргі уақытта команда небәрі үш ұпаймен Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде 13-орында тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Атырау» футболшылары үш айдан бері айлық алмағаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз