Алматыда 5,6 млрд теңгеге 4 субұрқаққа күрделі жөндеу жүргізіледі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Субұрқақ
Алматыда 15 жылдан бері жөнделмеген 4 субұрқақ жаңғыртылады / Фото: shuterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматыда 5,6 млрд теңгеге 4 субұрқақ жөндеуден өтеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде 5,6 млрд теңге сомасына 4 субұрқақты кешенді жаңғыртуға шарт жасалды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл қаражатқа 15 жылдан бері жөндеуден өтпеген қаланың төрт нүктесінде орналасқан субұрқақ жаңғыртылады. Атап айтқанда әкімдік ғимаратының Шығыс және Батыс жағындағы, Республика алаңындағы, сондай-ақ Ғ. Мүсірепов театры жанындағы субұрқақтар күрделі жөндеуден өтеді.

Күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығындағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі есебінде айтылған.

Сайран көлін абаттандыру

Досаев өз есебінде қаланың басқа да ауадандарында абаттандыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны жөнінде есеп берген. Соның ішінде ең ірі жаңғырту жұмыстары Сайран көлінде жүргізіліп жатыр.

Бүгінде көлді жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Көл маңында Германияның «Lorberg» питомнигінен әкелінген биіктігі 6 метрден асатын 200 ірі ағаш, сондай-ақ 3300 бұта отырғызылған.

Сонымен бірге қоғамдық кеңістікті дамыту аясында Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында биіктігі 6 метрден асатын 50 ірі ағаш отырғызылып, жаңа сквер салынды.

Сондай-ақ оқыңыз