Мәскеуге дрондар шабуылы үдеді: Turkish Airlines бұл бағыттағы рейстерін тоқтатты
Жарияланды

Turkish Airlines әуе компаниясы Мәскеу бағытындағы барлық рейстерін уақытша тоқтатып тастады. Компанияның бұл шешіміне ұшқышсыз аппараттар шабуылының жиілеп кеткені себеп болған.
Turkish Airlines компаниясы Түркияның Анталия, Даламан және Бодрум курорттарынан Ресейге ұшатын рейстерін тоқтатқан. Салдарынан туристер Ресейдің Внуково әуежайында біраз уақыт тосып қалған. Оларға жатын орын мен ыстық тамақ берілгені айтылады.
Компания барлық рейстің болашақта қайта жаңғыртылатынын хабарлаған. Ал билет алып ұша алмай қалған жолаушылар Turkish Airlines рейстерімен немесе AZUR air бортымен діттеген жеріне жете алады.