Украина пайдалы қазбаларды АҚШ-пен бірге игереді: келісім ратификацияланды

Рада депутаттары Украина мен АҚШ-тың пайдалы қазбаларды бірге игеру туралы келісімін мақұлдады. Бұл туралы Украинаның УНИАН басылымы хабарлады.
«Жоғарғы Рада АҚШ пен Украина арасындағы пайдалы қазбалар жөніндегі келісімді ратификациялауға дауыс берді. Бұл шешімді 338 депутат қолдады», – деп жазады басылым.
Бұл келісім негізінде Украина мен АҚШ үкіметтері арасында америкалық-украиндық инвестицияларды қалпына келтіру қоры құрылады. Құжат пайдалы қазбаларды игеруге қатысты екі тараптың құқықтық мүмкіндіктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Айта кетсек, екі тарап пайдалы қазбаларға қатысты меморандумға 18 сәуір күні қол қойған болатын. Сол кезде Украинаның экономика министрі Юлия Свириденко экономикалық әріптестік туралы келісімге қадам жасалғанын, құжаттың екі елдің халқы үшін де тиімді болатынын мәлімеді.
Ал 30 мамыр күні екі ел арасында пайдалы қазбаларды бірге игеру туралы келісімге қол қойылды. Салтанатты рәсімде АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Трамп әкімшілігінің Украинада бейбіт процесті жақтайтынын, елдің дербес, гүлденген елге айналуы мүдделі екенін жеткізді.