Ақтөбеде қаржы пирамидасы америкалық инвестжоба ретінде жұмыс істеп келген

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock

Ақтөбеде Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті кезекті қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Күдіктілер өзін америкалық инвестжоба ретінде таныстырған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өзін электросамокаттарды жалға беретін америкалық «Harmony RiderTechnology» (HRT) атауымен жұмыс істеген. Азаматтарға күніне 12-ден 690 долларға дейін табыс табуға уәде берген. Жаңа салымшылар тартқаны үшін криптовалюта түрінде бонустар ұсынып отырған. Бірақ, шын мәнінде,сырттан табыс келмеген. Ао+л төлемдер тек жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен жүргізілген. Бұл – қаржы пирамидасының айқын белгісі.

«Нәтижесінде 100-ден астам адам зардап шеккен. Жалпы келтірілген шығын — 197 миллион теңге. Ақша криптоәмияндарға, кейін жеке банк шоттарына аударылған. Тергеу барысында 70 миллион теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынған. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды», – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық прокуратурасы.

Прокуратура «Baiqa, piramida!» атты ресми Telegram-бот арқылы күдікті компанияларды тексеруге шақырады.

Бұған дейін Алматыда «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржы пирамидалары жойылып, 3,8 млн доллар қаражаты тәркіленген еді. Ол қаржы пирамидалары өз салымшыларына трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда табуға уәде еткен.

Ал Қызылордада Qnet қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталып, 301 млн теңгенің мүлкі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыз