Disney компаниясы Абу-Дабиде Диснейленд салады

Disney Таяу Шығыста алғашқы тақырыптық саябағын салады. Жаңа нысан БАӘ астанасы Абу-Дабиде орналасады деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Жаңа «Диснейленд» Яс атты жасанды аралда салынады. Саябақты жоспарлауға екі жыл, ал құрылысына алты жыл кетеді деп көзделіп отыр. Бұдан өзге басқа деректер жарияланған жоқ.
«Абу-Дабидегі «Диснейленд» нағыз диснейлік болады, әрі Әмірліктерге тән ерекшелікті де сақтайды. Бұл әлемнің түйіскен тұсындағы керемет Disney ойын-сауық оазисі болады», – деді The Walt Disney Company бас директоры Роберт Айгер.
Компания үшін БАӘ-нің географиялық және логистикалық тұрғыдан да тиімді болып тұр. Абу-Дабиде әлемдегі ең ірі авиациялық хабтардың бірі орналасқан. Жер шарындағы халықтың үштен бірі Араб Әмірліктеріне төрт сағатта жете алады. орта есеппен төрт сағатқа созылады.
Қазіргі таңда әлемде алты «Диснейленд» бар. Олар Калифорния, Флорида, Токио маңындағы Ураясу, Шанхай, Гонконг және Парижде орналасқан.