Балам миллионер болсын десеңіз: ата-аналарға арналған нұқсаулық

Жарияланды 8 Мамыр 2025 08:14

Жадыра Аққайыр

Жадыра Аққайыр

Балам миллионер болсын десеңіз немесе ата-аналарға арналған нұқсаулық
Балам миллионер болсын десеңіз немесе ата-аналарға арналған нұқсаулық / Фото: Shuttertsock

Балаңыз табысты, еркін, ашық, ақщаны қалай ұстау керегін білетін адам болып өскенін қалайсыз ба? Онда бұл жолда сізге еңбек ету керек. Өйткені ол үшін қатқан жүйе қалыптастырмаса болмайды. Балаларға қаржы сауатын үйрету — кейін міндетті түрде ақталатын инвестиция. Әрі ең қызығы ақша туралы түсінікті кішкентай кезінен қалыптастыру қажет. Бүгінгі материалымызда баланың қаржылай сауатты болып өсуіне әсер ететін негізгі қағидалар, әдістемелер мен құралдарды айтамыз. 

Қаржы сауаты: балаға неше жасынан бастап үйретеміз?

Ата-аналар көбіне балаларға ақша туралы айтуға асықпайды. Дүниеқоңыз болып өседі деп қорқатындары да бар. Ал негізінде неғұрлым ерте бастасаңыз, өзіңізге соғұрлым жақсы. Мысалы қазір балаңыз 3-4 жасар болса, онда нағыз кірісетін кез келді деген сөз. Өйткені осы уақытта бала «ақша», «айырбас», «мынау керек», «мынаны алғым келеді» дегенді түсінеді.

Ал 5-7 жасқа таяғанда балаға:

  • Ақша, купюраларды көрсетіп, таныстыру керек;
  • Дүкенші болып ойнап тауардың құнын түсіндіру керек;
  • Ақша қалай пайда болатынын, яғни жұмыс істегенде ақы ретінде берілетінін түсіндіру қажет;
  • Қалау мен қажеттің аражігін ажыратып үйрету керек.

8-10 жасар балаларға мына тақырыптарды қосыңыз: 

  • Жеке бюджет (күнделікті жаратуға беретін ақша);
  • Жинақ және мақсат қою (банк картасы, жинақ қобдишасы);
  • Кішігірім шығындар мен сауда жасау тәсілдері;
  • Үнем, табыс, шығын туралы түсініктер. 

11–14 жаста:

  • Бизнес қалай жүреді;
  • Табыс деген не?;
  • Салық қалай есептеледі?;
  • Инвестиция жайлы қарапайым әңгімелер айта беруге болады. 

Кәсіпкер сияқты ойлай алатын бала тәрбиелеу үшін не істеу керек?

Ақшалы болсам дейтін ғана емес, ақша табу қолынан келетін бала өсіргіңіз келе ме? Онда балаңызбен ойын ойнаңыз, өз тәжірибеңізден көрсетіңіз, шешім қабылдай алатын қабілетін ашыңыз. Кәмелетке толған бойда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе де, жалпы алғанда бастама мен нәтиженің дәмін татып көргені өзіне жақсы.

Мұндайда көмектесетін тәсілдер:

  • «Монополия», «Ақша ағыны», «Бизнесмен» сияқты үстел ойындарын бірге ойнаңыздан;
  • Шемішке сату, қолдан браслет істеу, көршілерге көмектесіп қызметіне ақы алу дегендей реал шағын жобалар жасаса болады;
  • Бизнес-идеялар талқылаңыз. Мысалы «Мына проблеманы қалай шешер едің?» деп сұрақ қойып, ойын біліңіз;
  • Дижитал сауатын қалыптастырыңыз. Интернетті ойын-сауық мақсатында ғана емес, даму үшін де пайдалансын.

Бастысы, баланың әр бастамасын қолдаңыз. Сынап, қолынан келмесе ұрсып керек емес. Егер қате кетіп жатса, онда анализ жасап, қатемен жұмыс істеуді үйретіңіз.

Бақуатты отбасылардың құндылығы неде?

Байлық тек ақшаның көп болуы ғана емес. Бұл жерде ойлау қабілеті туралы да айтамыз. Мысалы миллионерлер шығатын отбасыларда ақшаға қатысты мынадай түсініктер болады:

  • Ақша — мақсат емес, құрал.
  • Ақшаны құр жинай берудің орнына оған құн яки маңыз берген жөн.
  • Қателескенде тұрған ештеңе жоқ. Бастысы, содан сабақ алу керек.
  • Өзіңді басқалармен емес, кешегі өзіңмен салыстырып үйрен.
  • Жолына жұмыс істей берме, нәтижеге ұмтыл.

Мұндай отбасыларда көшбасшылық, жауапкершілік пен бәрін біліп тануға деген ұмтылыс қатты бағаланады. Оны қалыптастыру үшін сағаттап сабақ оқудың керегі жоқ. Оны өзіңіз күнделікті үлгі ретінде көрсетіп отыруыңыз қажет.

Қандай қателер жіберуге болмайды?

Бүкіл процесті мына нәрселер быт-шыт қылуы мүмкін:

  • Ақша туралы әңгімеге тыйым салмаңыз. Егер бұл тақырыпта сөйлесуге ыңғайсызданатын болсаңыз, балаңыз қаржылай табысты адам болуға қысылатын адам боп өседі.
  • Бастамасын сынамаңыз. Егер балаңыз «Мына ойыншықты досыма сатайын деп едім» деп келсе, «сатуға ұялмайсың ба, немене ашкөзденіп» деп бетін қайтармаңыз.
  • Бүкілін ақшамен сатып алуға әдеттендірмеңіз. Айтқаныңызды істегені үшін ақша бере беруге болмайды.
  • Гипербақылау жасаңыз. Балаларға еркіндік керек. Қателесіп үйренсін. Азғантай сомадан ұтылыс көрсе, келесіде жақсырақ жұмсайды. Есейгенде ірі ақша жоғалтпайды.

Ойындар, қолданбалар мен кітаптар

Іс жүзінде бекітуге көмектесетін құралдарға тоқталайық:

Ойындар:

  • Cashflow for Kids
  • Монополия

Қолданбалар:

  • Gimi — тапсырмалар мен марапаттар трекері;
  • PiggyBot — ақша ұстауды үйретеді;
  • Bankaroo — балаларға арналған банк шоттарының симуляциясы.

Кітаптар:

  • «Как научить ребенка обращаться с деньгами» (Бет Коблин)/ Beth Kobliner – Make Your Kid a Money Genius (Even If You’re Not)
  • «Богатый папа, бедный папа для подростков» (Роберт Кийосаки)/ Robert T. Kiyosaki – Rich Dad Poor Dad for Teens: The Secrets About Money – That You Don’t Learn in School!

Үздік кейстер

Бенджамин Франклин 12 жасынан бастап баспаханада істеген. 17 жасында кәсібін ашқан.

АҚШ-та жасөспірімдерге арналған бизнес-клуб ашқан Мозес Гамильтон 14 жасында ерекше дизайны бар бас киімдер сатумен айналысқан. Бір жылда оның табысы 20 000 долларға жетіп жығылған.

Актриса, кәсіпкер Милли Бобби Браун 9 жасынан еңбекке араласқан. 15 жасында табысының бір бөлігін жеке косметикасын дайындауға салған.

Бұл жерде қабілет пен талант қана емес, ата-аналардың еркіндікке рұқсат бергені, қаржы сауатын үйреткені, қолдағаны да себеп болғанын атап өту керек.

Баланы қалай шабыттандыру керек?

Баланың өзі қалауы керек. Ол сіздің айтқаныңызбен жүрсе, одан нәтиже шықпайды. Демек, шабыттандыруыңыз қажет.

Берер кеңестеріміз:

  • Нәтижесіне қарап емес, жасауға деген талпынысын мақтаңыз.
  • Ережелерді ғана емес, мақсаттарды талқылауға әдеттеніңіз.
  • Ақша құртуға мүмкіндік беріңіз. Қателессе, ештеңе етпейді. Солай үйренеді.
  • Ақшаға қатысты мәселені өзіңіз қалай шешетініңізді көрсетіңіз.
  • Бірге отбасылық жоба жасаңыз.

Инвестицияны неше жасынан үйрету керек?

Бала 10-12 жасқа келгенде біртіндеп бастауға болады. Өйткені бұл кезде ол:

  • Акцияны және оның қаншалықты табыс әкелетінін түсінеді;
  • Брокерлік қолданбалардың балаларға арналған нұсқаларын қолдана алады;
  • Өзгерістерді бақылап, ата-анасымен талқылай алады;
  • Ойындағы дүниесін алу үшін өзіне берген ақшаның 10-15 пайызын инвестицияға сала алады.

Бастысы ойын сияқты түсіндіріп, үйрету керек. «Қалайда бай болуың керек» деп қысым жасамаңыз. Есіңізде болсын: абзалы — өзіңіздің үлгі болғаныңыз. Бала тыңдамайды, ол бар болғаны көргенін істейді. Өзіңіз отбасылық бюджет жүргізіп, зат аларда ақылдасып, инвестиция жасап, қалағаныңызбен айналысып, солай табыс табатын болсаңыз, балаңыз да соны көріп өседі. 

Естеріңізге сала кетсек, баланың қаржы сауатын қалыптастыруға көмектесетін 5 қағида туралы жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз