Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті. Бұл жайында Ақорда мәлім етті.

Фото: Ақорда

Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Айта кетейік, 7 мамырда елордадағы «Қазақ Елі» алаңында Мемлекет басшысы — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Парадқа соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысты, Одан бөлек, Мұхтар Алтынбаев, Сәт Тоқпақбаев, Бақытжан Ертаев, қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов құрметті қонақ болды. 

Сондай-ақ оқыңыз