Қазақстандық банктер ислам шарттарымен несие бере бастайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстандық банктер бюджет ақшасын оңды-солды жұмсай алмайтын болады / gov.kz
Қазақстандық банктер бюджет ақшасын оңды-солды жұмсай алмайтын болады / gov.kz

Қазақстандық банктер ислам шарттарымен несие бермек. Банктің қызмет және қаржы нарығын реттеу заң жобасы осыны көздеп отыр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, банктер туралы жаңа заң жобасы жария талқылауға шығарылады.

Бір лизенция бойынша іске асырылады

Жоба мақұлданса, Қазақстандық банктер ислам шарттары бойынша ұмыс істей бастады. Яғни, исламдық қаржыландыруды дамытылмақ. Сонымен қатар, дәстүрлі банктерге исламдық қаржы өнімдерін ұсынуға мүмкіндік беріледі. Бұл үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін бір лицензия бойынша жүзеге асады.

Жаңа заң бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту көзделіп отыр. Өтініштерді қараудың үш деңгейлі жүйесін енгізіледі. Қаржы институттарының ашықтығы мен жауапкершілігін арттырылмақ.

Банктер бюджет ақшасын оңды-солды жұмсай алмайды

«Банк жүйесінің тұрақтылығын арттыру мақсатында төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жүйесін реформалау және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту қарастырылған», – делінген агенттіктің ақпаратында.

Енді банктер бюджет ақшасын оңды-солды жұмсай алмайды. Төлемге қабілетсіз банктер есеп айырысу кезінде мұқият болуы тиіс. Өйткені, мемлекет қаражатын пайдалану шарттарын қатаңдатылады. Алайда, жүйелік маңызы бар банктерге қатысты ерекше жағдайларда мемлекеттік қолдау көрсетілінуі ықтимал.

Банк жүйесін реттейтін екі заң өзгереді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екі заң жобасын әзірлеп жатыр. Олар – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Қазақстандық банктер ислам шарттарын негізге алып қана қаймай, финтехке баса назар аударатын болады. Себебі, заң жобалары экономикалық белсенділікті ынталандырудың өзекті мәселелерін шешуге және финтех секторын одан әрі дамытуға бағытталған.

Тағы қандай қандай өзгеріс болады?

Банк секторындағы бәсекелестікті кеңейту және шағын және орта бизнесті кредиттеу, оның өсу – басты назарда. Бұған қолайлы жағдай жасау үшін базалық және әмбебап банк лицензиясы енгізіледі.

Қаржы нарығында финтех секторды дамыту және банктердің финтех компанияларының капиталына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтілу қарастырылып отыр.

2025 жылдың сәуір айындағы мәліметтер банктедің қаржылық жағдайындағы өзгерістер мен трендтерді көрсетіп берген еді. 

Сондай-ақ оқыңыз