Тоқаев Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған әскери парадқа барды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты / фото: Ақорда
Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты / фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды.  

Ол жерде белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Парадқа Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының сарбаздары қатысып, сап түзеп өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге мінберден парадты тамашалады. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров та болды. Бұдан өзге жиырма шақты елдерді басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері де салтанатты әскери парадты көрді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күні – 9 мамырмен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыз